20.12.12

20.12.2012

Су ресурстары жөніндегі комитет ғимаратында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Қызылорда облысынан шыққан депутаттарымен жұмыс кездесуін жоспарлаған еді. Жиынға Сенат депутаттары Қожахмет Баймаханов пен Мұрат Бахтиярұлы және Мәжіліс депутаты Құттықожа Ыдырысовтар қатысты.

Бұл басқосуда Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Нұрлан Оранхаев пен сол басқарманың бөлім бастығы Ерлан Жоламановтар баяндама жасап, депутаттардың және Комитет басшылығының қойған сұрақтарына жауап берді.

Облыстағы су ресурстарына қатысты мәселелер жайында хабарламаларда халықты алаңдатып отырған мәселелер жөнінде айтылды.

Комитет төрағасы Ислам Әбішев барлық айтылған мәселелерге қатысты өз ойларын айтып, комитетте жасалып жатқан кәсіпкерлік істер жайлы өз ойларын айтты.

Жиынға қатысушы депутаттар бір ауыздан тұрғындарға ауыз су көзін барлау, оны жеткізуді жобалау, құрылысты жүргізу және пайдалану жұмыстарының бәрі бір мекемеде топталып, оған Су ресурстары комитеті жауап беретін болса елге жайлы болар еді деген тілегін айтты және бұл мәселені өз деңгейінде көтеруге уәде берді.

Бұл мәселелердің барлығына қатысты нақты жоспарлар келісілді.

Төраға облыстардағы филиалға мынадай нақты тапсырмалар берді:

- пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді қалпына келтіру;

- мекеме аумағын көгалдандыру, ғимараттарды жөндеу, таза ұстау;

- филиал қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсару;

- ардагерлерге, күнкөрісі төмен отбасыларға қамқорлық жасауды ұмытпау;

- кадр дайындау;

- шаруашылық есепке көшуді қолға алу;

- коррупциялық істер мен ниеттерге тосқауыл қою.

Жиын қорытындысында облыс әкімшілігінің өкілдері және Су ресурстары комитеті тарапынан хаттама жасалып, қойылған мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгіленді.