19.12.12

19.12.2012

 

Су ресурстары жөніндегі комитет ғимаратында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Алматы облысынан шыққан депутаттарымен жұмыс кездесуін жоспарлаған еді. Жиынға шақырылған 11 депутаттан жалғыз ғана Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева қатысты.

Бұл басқосуда Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков баяндама жасап, депутаттың және Комитет басшылығының қойған сұрақтарына жауап берді. Жиынға облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары М.Насыров қатысты.

Облыстардағы су ресурстарына қатысты мәселелер жайында хабарламаларда халықты алаңдатып отырған мәселелер жөнінде айтылды.

Мәжіліс депутаты З.Балиева облыстағы суармалы су егіншілігінің мәселелерін өте жақсы білетінін көрсетті. Барлық айтылған мәселелерге қатысты өз ойларын айтып, комитетте жасалып жатқан кәсіпкерлік істерге заңгерлік кеңестер берді.

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев облыстағы «Қазсушар» филиалы мен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекция басшылары қойылған мәселелерге нақты жауаптар берді.

Бұл мәселелердің барлығына қатысты нақты жоспарлар келісілді.

Төраға облыстардағы филиалға мынадай нақты тапсырмалар берді:

- пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді қалпына келтіру;

- Ауыз суға қатысты мәселелерді түбегейлі шешілетіндей ұсыныстар әзірлеу;

- мекеме аумағын көгалдандыру, ғимараттарды жөндеу, таза ұстау;

- филиал қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсару;

- ардагерлерге, күнкөрісі төмен отбасыларға қамқорлық жасауды ұмытпау;

- кадр дайындау;

- өндіріс мәдениеті;

- шаруашылық есепке көшуді қолға алу;

- коррупциялық істер мен ниеттерге тосқауыл қою.

Жиын қорытындысында облыс әкімшілігінің өкілдері және Су ресурстары комитеті тарапынан хаттама жасалып, қойылған мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгіленді.