9.11.2012

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті «Қазсушар» кәсіпорнында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шыққан депутаттармен кезекті жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде сенатор Ахметов Р.С., Мәжіліс депутаттары Сейтмагамбетова Г.С., Киянский В.В., Дүйсенғалиев Ж.М., Оразов С.Х., Оспанов С.Ж., Садибеков Ұ. қатысты.

Басқосуда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Асқаров, Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Абдиров, Маңғыстау облысы «Қазсушар» РМК-ның бастығының міндетін атқарушы Ақжігіт Досшиев облыстардағы су ресурстарын пайдалану істері бойынша хабарлама жасап, өңірлердегі проблемалық мәселелер туралы сөз қозғады.

Депутаттар Ахметов Р.С., Сейтмагамбетова Г.С., Дүйсенғалиев Ж.М., Оразов С.Х., Оспанов С.Ж. өз өңірлеріндегі аса зәрлі, кезек күттірмейтін қажеттіліктер жайында айтты. Әсіресе Маңғыстау облысындағы ауыз су пайдаланудың жағдайын тоқталған депутат Гүлнар Сейітмағамбетова облыстағы 54 елді мекеннің 60 пайызы тазартылмаған су ішіп отырғанын, әсіресе Бейнеу ауданының орталығы, Түпқарағандағы атақты қала Форт-Шевченко, Ақтаудан бар болғаны 15 шақырымдай жердегі екі ауыл суды автокөлікпен тасып ішіп отырғанын сөз етіп, осы істе комитеттің жәрдемдесуін сұрады.

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев елде 3647 елді мекен тексерілмеген, тазартылмаған су үшіп отырғанын айтып, оның себебі ауыз су пайдалануда қалыптасып отырған жағдайға жауапты мекеме жоқтығын, Комитет ауылға дейін су жеткізеді, әрі қарай жергілікті атқарушы орган таратады, қысқасы ауыз суға қатысты 6 мекеме жұмыс жасайды, олардың арасында үйлесім жоқ, - деді. Депутат Сейітмағамбетова Комитеттің ауыз суды жеткізіп беру ісін тұтастай қолға алуын өтінді және осы мәселеле депуттық өкілдігін пайдаланып жұмыс жүргізетінін айтты.

Жиында аудандар арасындағы су жеткізіп беррудің тарифтерінің әртүрлілігі (қалаларда 1 текше метр су 40 теңге болса, кей аудандарда 192-1000 теңгеден) сөз болды.

Жиынға себепті жағдаймен қатыса алмаған Мәжіліс депутаты Елена Тарасенконың ауыз суды жеткізіп беруге қатысты мәселеге қатысы бар мекемелердің өкілдері жиналып, депутаттардың қатысуымен жиналыс өткізіп, Үкімет алдында мәселе қойып, нақты бір шешімге келуді ұсынған өтініші айтылды. Мұны барлық депутаттар мақұлдады.

Атырауға су жеткізуші 15 насос стансасындағы насостардың әбден тозығы жеткендігін, оны жаңарту қажеттігін Атырау филиалының жетекшісі Асланбек Рысжанов мәлімдеді. Комитет төрағасы бұл істі тездетіп қолға алуға мүмкіндік барын, Орал қаласында шығатын насостарды бүкіл кешенімен сатып алып, орнатуға болатынын айтты.

Жиналыста өңірдегі жер асты су сөздерінің запасы жайында мәліметтер 1960-1983 жылдары жасалғаны, одан беру ол көрсеткіштер өзгеріп кеткені, нәтижесінде сол геологиялық барлауға сеніп қазылған құдықтардан су шықпайтыны сөз болды.

Комитет төрағасы И.Абишев Батыс Қазақстан облыстың филиалдың (бастығы Кенжеғалиев Қазбек) болашақта толық шаруашылық есепке өтіп, шығынды барынша азайту бағытында жұмыс атқаруды бастағанын айтып, жұмыстарындағы оң өзгерістерді атап өтті. Сонымен бірге, Жайық өзенін тазарту мәселелесінде келелі бір кеңесіп, жүйелі жұмыс атқарудың қажеттігін айтты.

Сондай-ақ төраға өңірде суармалы жерлерді қалпына келтіру және көбейту міндеті алға тұрғанын айтып, бұл іс ұдайы жүргізіле береді деді.

Өңірлердегі «Қазсушар»-ға қарасты мекемелерде ғимараттарды жөндеу, көркейту және төңірегін абаттандыру мен көгалдандыру істері де ұдайы жасалуы тиістігі айтылды.

Жиын қорытындысында Батыс Қазақстан, Атырай және Маңғыстау облыстарынан сайланған депутаттар, облыстар әкімшіліктерінің өкілдері және Су ресурстары комитеті тарапынан келісім хаттамасы дайындалып, қол қойылды, онда барлық мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгіленді.