6-7.11.2012

Қарашаның 6 жұлдызында «Қазсушар» РМК-на қарасты «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы басшылығының есебі тыңдалды. Филиалда 1900 адам жұмыс атқарады. Кәсіпорын басшысы Сембай Сейсенов биылғы жылды 1 миллиард теңге үнем жасаумен аяқталатынын айтты. Филиалға қарасты объектілердің бір бірімен байланысын жақсарту мақсатында релейлік, спутниктік және оптикалық-талшықтық тәсілдердің біреуін қарастыру ойластырылуда.

Филиалға қатысты ғимараттарды жөндеу, көркейту және төңірегін абаттандыру мен көгалдандыру істері ойдағыдай атқарылған.

Комитет төрағасы И.Әбішев филиал басшылығына шаруашылық есепке көшуге кеңес берді. Кәсіпорын қарамағындағы қызметкерлерді қысқартпастан, шағын бизнес ұйымдарын ашып, біраз қызметкерлерді қызмет етуші ұйымдарға ауыстырса оңды болатынын айтты.

Сонымен бірге, қазіргі күнде қараусыздау қалған Молодежный, Шідерті елді мекендеріне жергілікті әкімшіліктерге қарауы тиіс демей, басында каналға қызмет ету үшін салынғандықтан біз де жауапкершілікті тең бөлісуіміз керек, және де, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы да естен шықпасын, - деді.