6.11.2012

 

Қарашаның 6 жұлдызында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінде алдын ала белгіленген кесте бойынша «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Ақмола филиалы 2012 жылдың басынан бергі атқарған жұмысы жайлы есеп берді.

Онда кәсіпорын басшысы Полат Бейсебеков, басшының орынбасары Бейбіт Базарбаев кәсіпорынның экономикалық жағдайы, техникалық су мен ауыз суды жеткізіп берудегі көрсетілген қызмет көлемі, табыстар мен шығындар, 034 бағдарлама бойынша бюджеттен бөлінген қаржыларды және 010 бағдарлама бойынша берілген субсидияларды игеру барысы, мекеменің әкімшілік шығындары бойынша талдама және де ең басты мәселе – филиалдың қарамағындағы су қоймалары мен гидротехникалық құрылымдардың жай-күйі баян етілді.

 

Ақмола филиалына қарасты 9 су қоймасының, «Алва» лимандық суару жүйесінің, Абылай және Табияқ су бөгетінің, Көкшетау топтық су құбырының жағдайы, бүгінге дейін жасалған жұмыс пен алда атқарылуы тиіс істер жайы талқыланды.

Комитет төрағасы И.Әбішев Ақмола облысы аумағында қалалардан қашығырақ жатқан 179 елді мекенді сумен қамтамасыз етудің иесіз қалып тұрғандығын айтып, «бәріміз ел қамы, мемлекет мүддесі үшін жүргендіктен, біздікі емес дегенді қойып, сол ауылдарды сумен қамтамасыз етуді жолға қоюды өзіміз қолға алуымыз керек, филиал осы игілікті істің орындаушысы болады» деді.

Сонымен бірге, Комитет төрағасы филиалға беріліп жатқан мол қаржының игеруі бақылаусыз кетіп жатқанын айтып, ол қаржыға қымбат автокөлік, жарқыған бұйымдар алуды тоқтатуды талап етті. Комитет тарапынан осы күнге дейін филиалдардың қаржысы қалай жұмсалып жатқанын бақылаудың болмағанын, бұдан былай ештеңе де бақылаусыз қалмайтындығын айтты.